Түркістандағы трагедия: суға кеткен оныншы адамның денесі табылды

Бүгінде суған батқан 11 адамның 10-ы табылды
Sputnik
АСТАНА, 23 тамыз — Sputnik. Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен оныншы адамның денесі табылды, деп хабарлайды
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқарушылар бүгін сағат 10:40 шамасында кәмелетке толмаған жасөспірімнің денесін судан алып шықты. Енді суға батып кеткен бір адам іздестіріліп жатыр. Ол да кәмелетке толмаған жасөспірім.
Іздестіру шараларына жалпы 150 бригада, 16 техника, 6 жүзу құралы жұмылдырылған.
Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 21 тамызда Отырар ауданында болған еді. Бір әулеттен шыққан 4 отбасының мүшесі Сырдария өзенінен өтетін көпір маңында суға кетті.
Бүгінде суған батқан 11 адамның 10-ы табылды. Кеше 9 адамның жаназасы шығарылды.
Бұдан бұрын ТЖМ Түркістан облысында суға кеткендердің жасы туралы мәлімет таратты:
1. 1983 жылы туған әйел
2. 2006 жылы туған қыз бала
3. 2004 жылы туған бойжеткен
4. 2019 жылы туған қыз бала
5. 2015 жылы туған қыз бала
6. 2017 жылы туған қыз бала
7. 2006 жылы туған ұл бала
8. 2009 жылы туған ұл бала
9. 1998 жылы туған әйел.
Табылмаған:
10. 2011 жылы туған ұл бала
11. 2013 жылы туған қыз бала.
Сырдария өзеніне батып кеткен тағы бір адамның адамның денесі табылды