Өңірлер

Күн күрт суытады - синоптиктер ауа райы болжамын бөлісті

Солтүстікте сынап бағанасы 7 градусқа дейін төмендейді
Sputnik
АСТАНА, 23 тамыз — Sputnik. Алдағы уақытта күн күрт суытады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Синоптиктер 24-26 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
"Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, қатты жел соғады, жаңбыр жауады. Кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал", - деп хабарлайды синоптиктер.
Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр жауып, ауа температурасы біртіндеп төмендейді. Әсіресе Солтүстік Қазақстанда түнгі уақытта ауа температурасы небәрі 7-12, күндіз 17-22 градусқа дейін жылы болады.
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа райы айтарлықтай өзгермейді. Синоптиктер бұл аймақтарда негізінен жауын-шашынсыз болады деген болжам жасады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Астанада 24 тамызда көшпелі бұлт болады, күндіз 26-28, түнде 17-19 градус жылы болады.
25 тамызда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +10+12С, күндіз +21+23С көрсетеді.
Алматыда 24 тамызда өткінші жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде +18+20С, күндіз +32+34С ыстық болады.
Ал 25 тамызда Алматыда күн ашық, жаңбыр жаумайды. Ауа температурасы түнде +18+20С, кұндіз +33+35С көрсетеді.
Шымкентте 24 тамызда кұн ашық болады. Түнде +20+22, күндіз +35+37 градус ыстық болады.
24 тамызда да күн ашық болады. Түнде +19+21, ал күндіз +32+34 градус ыстық.