АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik Жыл басынан бері Қазақстаннан тыйым салынған тауарларды ел аумағынан ЕАЭО мемлекеттеріне заңсыз әкетудің 662 дерегі анықталды, деп хабарлайды мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Өткізу пунктерінің қызметкерлері Қазақстан аумағынан ЕАЭО елдеріне тыйым салынған тауарларды заңсыз әкетудің 662 фактісін анықтады:
Жалпы көлемі 69 006 литр мұнай өнімдерін әкетудің 612 фактісіанықталды. Оның ішінде: Ақтөбе облысында 6 дерек (10 945 литр), Атырау облысында 1 факті (162 литр), Батыс Қазақстан облысында 49 факті (12 800 литр), Жамбыл облысы бойынша барлығы 169 факті (28 144 литр), Қостанай облысы бойынша 201 факті (9 606 литр), Шығыс Қазақстан облысында 123 факті (3 294 литр), Абай облысында 30 факті (1 185 литр), Солтүстік Қазақстан облысында 6 факті ( 950 литр), Павлодар облысында 27 факті (1920 литр);
Жалпы салмағы 284 000 кг қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарының жекелеген түрлерін әкетудің 23 дерегі анықталды. Оның ішінде: Ақтөбе облысында 6 дерек (85 200 кг), Батыс Қазақстан облысында 5 дерек (48 600), Қостанай облысында 9 дерек (127 000 кг) экспорттау әрекеті, Солтүстік Қазақстан облысында 1 дерек (200 кг);
Жалпы салмағы 381 000 кг пияз әкетудің 19 фактісі анықталды: Ақтөбе облысында 2 факті (40 000 г), Қостанай облысында 8 факт (160 000 кг), Солтүстік Қазақстан облысында 5 факті (5 97 000 кг), Павлодар облысында 4 факті (84 000 ).
Қостанай облысында жалпы салмағы 43 000 кг көмірді заңсыз әкетудің 2 дерегі анықталды;
Жалпы салмағы 93 000 кг бидай әкелудің бес фактісі анықталды: Ақтөбе облысында 2 факті (40 000 кг), Қостанай облысында 2 факт (33 000 кг), Абай ауданында 1 факті (20 000 кг);
Абай облысында жалпы салмағы 1200 кг балық әкетудің бір дерегі анықталды.
"Аталған фактілер салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы жүктерді тасымалдауға қойылған тыйымдарды бұзу әрекеттерін айғақтайды", - делінген комитеттің хабарламасында.
ҚР қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері мұндай әрекеттердің жолын кесуде.