АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Ақтауда Ресейдің консулдық өкілдігін ашу жоспарланып отыр, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесуінде тараптар маңызды мәселелерді, соның ішінде консулдық өкілдік ашу мәселесін талқылады.
"Өңірдің экономикалық дамуының негізгі бағыттарына мұнай-газ өнеркәсібі, мұнай сервисі, өңдеу өнеркәсібі, көлік және логистика, агроөнеркәсіптік кешен, туризм және жаңартылатын энергетика жатады. Сондай-ақ өңірде жаңа кен орындарын барлау және Теңіз кен орындарын игеру жұмыстары жүргізілуде. Ауыл шаруашылығын дамыту түйе шаруашылығын, жылыжай салуды, балық өсіруді және басқа да перспективалы салаларды қамтитын маңызды бағыт болып табылады, - деді Нұрлан Ноғаев.
2023 жылдың алғашқы алты айында Маңғыстау облысы мен Ресей Федерациясы арасындағы сыртқы сауда айналымы 103,1 миллион долларды құраған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,1% - ға артық. Экспорт 45,9% – ға, ал импорт 3,7% - ға өскен.
"Негізгі бағыт өңіраралық ынтымақтастық болып табылады. Біз Маңғыстау облысының осы іс-шараның сәтті өтуіне және елдеріміздің дамуына ықпал ететін жаңа меморандумдар мен келісімшарттарға қол қоюға белсенді үлес қосқанынасенімдіміз",- деп атап өтті Алексей Борадавкин.
Қазір Ресейдің бас консулдығы Қазақстанның үш қаласында: Алматы, Орал және Өскеменде жұмыс істейді.