АСТАНА, 22 тамыз - Sputnik. Қазақстан мен Вьетнам президенттері керамика бұйымдарын шығаратын деревняға барды, деп хабарлайды Ақорда.
© Photo : Пресс-служба президента Казахстана
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Во Ван Тхыонг Хайзыонг провинциясында орналасқан керамика бұйымдарын шығаратын Чу Дао деревнясына бірге барды.
Екі ел басшылары дайын өнімдерді қарап көріп, керамика бұйымдарын дайындау процесімен танысты.
© Photo : Пресс-служба президента Казахстана
Содан кейін президенттер арнаулы станокта қыш құмыра жасап көрді.
Қазақстан мен Вьетнам президенттері деревняны аралап көргеннен кейін дайын өнімдерге және құрметті қонақтар кітабына қолтаңбаларын қалдырды.
Презденты Казахстана и Вьетнама посетили керамическую деревню
© Photo : Пресс-служба президента Казахстана
Чу Дао – тарихы біздің дәуіріміздің XII ғасырынан бастау алатын керамика бұйымдарын дайындаудың көне вьетнамдық әдісі. Бұл қолөнер XIV-XV ғасырларда дамып, XVII ғасырда жоғалып кеткен. Алайда 1980 жылдары Ыстанбұлдағы Топкапы музейінен Чу Дао шеберінің қолынан шыққан құмыра табылды.
2001 жылы Ханой сауда корпорациясы осы ежелгі қолөнерді қайта жаңғыртып, көне технология негізінде толыққанды өндірісті жолға қойды.
© Photo : Пресс-служба президента Казахстана