Ресей армиясы күн сайын Купянск бағытында алға жылжып, Харьков облысының аумағын азат етуде және АҚШ пен НАТО-ның әскери ресурстарымен қамтамасыз етілген Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылы стратегиялық сәтсіздікке ұшырайтынын айқын көрсетіп жатыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
21 тамызда "Западная" ресейлік күштер тобының бөлімшелері жедел тактикалық авиация және артиллерияның қолдауымен қарсы тарапты бірнеше бекіністен ығыстырып, бірнеше броньддалған техниканы жойды және аймақтағы маңызды көлік торабы саналатын Купянск қаласынан 5 шақырым жерде орналасқан Синьковка ауылынан Украина Қарулы күштерін кетуге мәжбүрледі.
Қазірдің өзінде Харьков облысының 30-дан астам елді мекені Ресейдің бақылауында тұр. Украина Қарулы күштерінің Бас штабы Харьков облысындағы жағдай қиын екенін хабарлады. Украина Қарулы күштері Құрлық әскерінің қолбасшысы Александр Сырский Купянск облысындағы жағдайға байланысты шұғыл түрде штаб отырысын өткізуді сұрады.
Украина әскерінің қолбасшылығы күштерді Артемовск бағытынан Купянскке көшіруге, британдық Challenger танктерімен, америкалық Stryker броньдалған тасымалдаушы техникасымен және немістердің Marder жаяу әскерге арналған жауынгерлік машиналарымен бірге стратегиялық резерв топтарын ұрысқа жұмылдыруға мәжбүр болып жатыр.
"Украина Қарулы күштерінің қолбасшылығы әскердің шегінуін күшпен тоқтатуға тырысса да, Украина армиясының штаб құрылымдары екі апта бұрын Купянсктен кеткен. Азаматтық әкімшілік те қашып кетті", - деп жазды Хроленко.
Украина Қарулы күштерінің инженерлік бөлімшелері Ресей әскерінің шабуылын бәсеңдетуге тырысып, көпірлерді жарып жатыр. Киев режимі Харьков облысының тұрғындарын мәжбүрлі эвакуациялауды, сондай-ақ бақылаудағы барлық аймақта жаппай маданға жұмылдыруды жалғастыруда.
Кейбір батыстық сарапшылар мен стратегтер қарсы шабуылдың сәтті өтуі үшін Украина Қарулы күштеріне бірден үш миллион адамды шақыруды ұсынды. Алайда қазір бұл көрсеткіш 1 миллионнан аз екенін ескерсек, онда батыстағылар ұсынған көлемде жауынгер жұмылдыру үшін кіші офицерлер, штаттық қару-жарақ және НАТО елдерінің экономикасы мен әскери-өнеркәсіптік кешенінің ресурстары жетіспейтінін түсіну керек.
Батыс елдері уәде еткен жүздеген танктің ішінен бар болғаны 60 дана "Леопард" жөнелтті, оның жартысы жаздың екі айында өртеніп кеткен. АҚШ Қарулы күштерінің Еуропадағы қолбасшысы Джеймс Хеккердің айтуынша, F-16 ұшақтарының екі эскадрильясы Украинаға ең ерте дегенде 2027 жылы жолданады.
Ақ үй Украинаның қарсы шабуылының стратегиялық сәтсіздігіне күмән келтірмейді. Америкалықтар Украина Қарулы күштерін тәуекелге баруға шақыруда. Дегенмен Киевте тәуекелге баратын ресурс жоқ. Майданға жұмылдырылғандардың саны әскер сапасына кепілдік бермейді.
АҚШ қорғаныс министрінің бұрынғы кеңесшісі, әскери сарапшы Дуглас Макгрегор Украина Қарулы күштері жеке құрамының сапасы әскери іс-қимылдарға психикалық және физикалық тұрғыдан дайын емес бейбіт тұрғындарды майданға мәжбүрлеп жұмылдыру салдарынан айтарлықтай төмендегенін атап өтті. Бұл көптеген украиналық жауынгерлер 100-200 адамнан тұратын бүтіндей бөлімше түрінде тұтқынға беріліп жатқанынан байқалады. Азов теңізіне баратын жол Ресей Қарулы Күштерінің мина алаңдарымен және эшелондық қорғаныс позицияларымен сенімді бұғатталған.
19FortyFive басылымы былай деп жазды: "Украинада Ресейді жеңудің ұтымды жолы жоқ. Сондықтан қазіргі уақытта Киев өз иелігіндегі аумақты сақтап қалу және жерді одан әрі жоғалтпас үшін ол ащы шындықты қабылдауы керек". Ал британдық The Economist журналы Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылы кезінде ұрыс даласындағы орасан зор шығындар мен сәтсіздіктер украин жұртшылығының наразылығын арттырғанын атап өтті.
"Киев Батыстың жеткізген қару-жарақ көлемінің жеткіліксіздігі және әскердің әуеден қорғанысы мүлдем жоқ екеніне наразы. Бірнеше жұмылдыру толқынына, Батыстың әскери техника жеткізуіне және НАТО барлауының жан-жақты көмегіне қарамастан, Украина Қарулы күштері жазғы мақсатына жете алмады. АҚШ пен НАТО басшылығының көзқарасы бойынша, 2024 жылы әскери іс-қимылдардың жаңа кезеңі үшін соғыс қимылдарын тоқтатып, Украина армиясының жауынгерлік қабілетін қалпына келтіру қажет", - деп жазды ресейлік әскери шолушы.
Ресей әскери қақтығыстың ұзаққа созылуына келіспейтіні белгілі. Сонымен қатар бірнеше аптадан кейін Украинаға 43 миллиард доллар көлеміндегі көмек пакеті аяқталады. RAND корпорациясының аға саясаттанушысы Сэмюэл Чарап әскери-саяси жеңіліске ұшыраған жағдайда Вашингтонда "Б жоспары" жоқ екенін айтты.
19FortyFive басылымы былай деп жазды: "Бір жарым жыл ішінде АҚШ 100 миллиард доллардан астам инвестиция салып, мыңдаған броньдалған машина, миллиондаған снаряд пен зымыран жіберіп, барлау қызметі бойынша айтарлықтай қолдау көрсетті. Енді мұндай қомақты көлемдегі инвестиция нәтиже бермегенін және Ресейді жеңу мүмкін болмағанын мойындау керек".
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.