Қазақстанда мемлекет меншігіне қанша гектар жер қайтарылды

Жерді пайдаланушыларға қатысты 5,5 млн га алаңды қамтитын 2 410 жоспардан тыс тексеру тіркелді
Sputnik
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. 2022 жылдың басынан бастап игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 7,8 млн га ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Үкіметтің мәліметінше, Қарағанды облысында 1,5 млн га ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды.
Қостанай облысында – 738 мың га,
Ақтөбе облысында – 745 мың га,
Түркістан облысында – 631 мың га,
Павлодар облысында – 532 мың га.
Елімізде жерді пайдаланушыларға қатысты 5,5 млн га алаңды қамтитын 2 410 жоспардан тыс тексеру тіркелді.
"Тексеру нәтижелері бойынша 3,1 млн га алаңда жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 1 597 ұйғарым шығарылды, 240,9 мың га алаң бойынша 246 материал сот қарауында", - деп атап өтті ведомство.
Үкімет хабарлағандай, тиісті шаралар қабылданғаннан кейін жерді пайдаланушылар 2,7 млн га алқаптағы өз жерлерін игеруге кіріскен.
Жоспардан тыс тексерулердің қорытындысы бойынша аумағы 526,3 мың га ауыл шаруашылығы жерлерін беру туралы жергілікті атқару органдардың 515 заңсыз шешімі анықталып, оның ішінде 135 шешімнің күші жойылды, қалған 380 шешімнің күшін жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны атап өтілді.
Алматыда құны 7 млрд теңге болатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды