Инфографика

Қазақстанда демографиялық ахуал қандай

Қазақстанда әйелдер мен ер адамдардың саны қанша? Қалада және ауылда неше проценті тұрады? Елге келген және кетіп қалғандар көп пе? Sputnik Қазақстандағы демографиялық ахуалға қатысты инфографика ұсынады.
Sputnik
2023 жылы бірінші жартыжылдықта республикада 19 899 377 адам тұрды. Халықтың басым бөлігі - 61,9%-і қалада тұрады. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, қалада адам көп тұратын облыстарға Қарағанды (81,4%), Ұлытау (79,2%) мен Ақтөбе (74,7%) кіреді. Ал Алматы (16,2%), Түркістан (24,6%) мен Жамбыл (43,3%) облыстарында қала халқы аз.
Бірақ халықтың саны жағынан оңтүстік аймақтар – Алматы қаласы, Алматы мен Түркістан облыстары көш бастап тұр.
Ал гендерлік сипатына қарай қазақстандықтардың 48,8 проценті – ер адамдар, 51, 2 проценті – әйелдер.
Биыл Қазақстанда көш-қонның оң динамикасы тіркеліп отыр. Елге келген адамдардың саны көшіп кеткендерден басым.
Отбасы банкте ақшаның жартысын әйелдер жинаған