Ресейдің арнайы әскери операциясы кезінде Украинаның "кеңестік" әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі тиімсіздігін көрсетуді жалғастыруда, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Киев берілген Батыстың зениттік зымыран кешендері мен НАТО-ның барлау деректері әскери іс-қимылдар театрындағы ахуалды өзгертуге септігін тигізе алмай отыр. Ресей Федерациясының Қарулы күштері 540 тәулік ішінде (2022 жылдың ақпанынан бастап) Украина армиясының 430-дан астам зениттік зымыран кешенін, соның ішінде америкалық өндірістегі Patriot ЗЗК-ны жойды.
Ресейдің Украина Қарулы күштерінің терең операциялық тылындағы нысандарына жоғары дәлдіктегі қару-жарақпен соққылар үздіксіз жасалып жатыр. НАТО-ның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері іс жүзінде дәрменсіз, ал КСРО-дан қалған украиналық техника көбіне өз әскеріне соққы беріп жатыр.
Мысалы, 19 тамызда Черниговта ондаған украиналық және НАТО-ның 23 әскери маманының қатысуымен кеңес өтіп жатқан шақта драма театрының, Украинаның Бас барлау басқармасы мен Қауіпсіздік қызметінің ғимараттарына соққы жасалды. Әуе шабуылының дабылы нысананың талқандалу сәтімен сәйкес келді. Черниговта түсірілген видеолардың біріндегі аталған нысандарды зақымдаған қала аумағында сәтсіз ұшырылған және екі бейбіт тұрғынның өліміне себепші болған украиналық С-300 зениттік зымыраны екені көрсетілген.
"Драма театрының маңында қиратылған көліктер де украиналық әуе шабуылына қарсы қорғаныс техникасының салдары. Елді мекендерде орналасқан Украина Қарулы күштерінің зениттік жүйелері, яғни ескі зымырандар мен дұрыс даярланбаған мамандар өз халқына жиі соққы жасайтыны сонша, бұл украин азаматтарын таңғалдырмайды"¸ - деп жазды Хроленко.
Болжам бойынша "Искандермен" жасалған ресейлік соққыдан кейін НАТО-ның тоғыз офицері үйінділердің астынан өлі күйде табылды, қалғандары хабар-ошарсыз кетті деп саналды. Украина Қарулы Күштерінің арнайы операциялық күштері 38 әскери қызметкерінен айырылып, 75-тен астамы ауыр жарақат алды.
Чернигов пен Винницадан Польшаның Жешов қаласына және Германияның басқа қалаларына санитарлық авиация рейстері көбейгені анықталды. Сонымен қатар Украинаның Бас барлау қызметкерлері Чернигов қаласының тұрғындарын Ресейдің барлау қызметіне көмектесті деп айыптап, олар ұстай бастады.
Киев Украина Қарулы күштерінің зениттік жүйелерінің қаазіргі саны нақты қажетті көлемнің 10%-ін құрайды деп есептейді. Жалпы Пентагонның есебіне сәйкес, ресейлік әскер Украинаның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін 2023 жылдың мамырында толығымен істен шығаруы керек еді. Алайда Украина армиясының әуе қорғанысы әлі де бар болуы НАТО-ның қолдауының арқасында емес, кеңестік конструкторлардың "Бук" пен "С-300" кешендерін жауынгерлік төзімді етіп дайындауының арқасында болып отыр.
НАТО техникасы емес, кеңестік мобильді С-300 және "Бук" Украина Қарулы күштерінің әуе қорғанысының ең маңызды бөлігі болып табылады. Арнайы әскери операция аймағында бұл кешендер негізінен "торуылдау" қағидасы бойынша жұмыс істейді, өз радиолокациялық жүйелерін қоспай, НАТО-ның нысананы нұсқауы бойынша жұмыс істейді.
Пентагонның мәліметінше, Украина армиясында 28 дана С-300 ұшыру қондырғысы және оларға арналған 470 зымыран (төрт оқ-дәрі жинағы), 57 дана "Бук" әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі және үш оқ-дәрі жинағы бар. Бұл өте аз. Арнайы әскери операция кезінде кеңестік қор таусылды, Украина мен НАТО елдерінде жаңа зениттік зымырандар шығарылып жатқан жоқ.
Зениттік зымырандардың жарамдылық мерзімі 15 жылға дейін жетеді. Бұьл уақыт өткен соң герметик құрғайды, ал дәрі негізіндегі қатты отынның қасиеттері өзгереді. Сондықтан ескірген С-300 және "Бук" зымырандарын ұшыру кезінде олардың әуеде жарылу және жақын орналасқан биік ғимаратқа түсу ықтималдылығы жоғары.
Украина Қарулы күштеріндегі кеңестік кешендерді НАТО-ның Patriot, NASAMS, IRIS-T жүйелерімен саны, мақсат және шығыны бойынша ауыстыру мүмкін емес. Қарапайым мысал ретінде Patriot ЗЗК-гның екі украиналық батареясы айына 160-қа жуық зениттік зымыран тұтынады. Бұл АҚШ-та бір жылда шығарылатын көлем екенін ескерсек, бұл мәселе қаржылық және технологиялық тығырыққа тірелгенін түсінеміз.
КСРО-ның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінен Украина армиясына С-300PT/ПС ЗЗК 43 дивизиясы мен алты С-300В дивизиясы, С-200 ЗЗК 35 дивизиясы, "Бук" ЗЗК 23 дивизиясы, С-125 ЗЗК 29 дивизиясы, С-75 ЗЗК 37 дивизиясы, "Круг" ЗЗК 27 дивизиясы, "Куб" ЗЗК төрт дивизиясы мұраға қалды. Жердегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс күші бойынша Украина 1990 жылдардың басында Ресейден кейін екінші орында болды. Бұл техниканың барлығы қайда жоғалғаны түсініксіз.
15 тамызда Украина Қарулы күштері қолбасшылығының өкілі Юрий Игнат Украинаның әуе қорғанысы ресейлік Х-22 қанатты зымырандарын тежеуге қауқарсыз екенін мойындады. Сондықтан гипердыбысты "Искандерлер" мен "Кинжарлардың" тосқауылға ұшырағаны туралы бірде-бір расталған ақпарат жоқ.
Бұған дейін Орталық барлау басқармасының бұрынғы сарапшысы Ларри Джонсон Украинаның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі іс жүзінде жойылғанын айтқан. Екінші жағынан, HIMARS зымырандары, SCALP-EG және Storm Shadow алыс қашықтықтағы зымырандар арнайы әскери операция аймағындағы нысанаға дөп жете алмай жатыр.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.