Қызылорда облысындағы кен орнында цистерна жарылып, бір адам көз жұмды

Тағы 3 адам жансақтау бөлімінде жатыр
Sputnik
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Қызылорда облысындағы "Ақшабұлақ" кен орнында цистерна жарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 19 тамызда түнгі сағат 02:20 шамасында "Ақшабұлақ" кен орнында цистерна жарылып, отқа оранған. Төтенше жағдай кезніде бір адам оқиға орнында қайтыс болды.
Облыстық аурухананың жансақтау бөліміне үш адам жеткізілді, тағы бір жұмысшы дәрігерлер бақылауынан кейін үйіне қайтарылды.
Қазіргі уақыттаҚылмыстық кодекстің 156-бабы, 3-бөлігі (Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы бапта белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.