Қонаев пен Хо Ши Миннің Алматыда түскен фотосуреті жарияланды

Sputnik
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Қазақстан президентінің баспасөз қызметі Вьетнамның ұлттық лидері Хо Ши Миннің Дінмұхамед Қонаевпен және Қаныш Сәтбаевпен кездесуінен естелік суреттер жариялады.
Сонау 1959 жылы Вьетнамның тұңғыш президенті Хо Ши Мин Алматыға ресми сапармен ұшып келген болатын.
Оны Қазақ КСР министрлер кеңесінің төрағасы Дінмұхамед Қонаев қарсы алды.
Хо Ши Мин белгілі қазақстандық ғалым Қаныш Сәтбаевпен де кездесті.