Маңғыстауда нөсер салдарынан екі ауылды су басты

Тұрғындар әлеуметтік желіде нөсер жауынның салдары түсірілген видео жариялады
Sputnik
АСТАНА, 21 тамыз - Sputnik. Өткінші нөсер жауын салдарынан Рахат және Теңге ауылдарының көшелері мен үй аулаларын су басты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
“Рахат ауылы-8 үй ауласы, 1 көше, Теңге ауылы- 4 үй ауласы, 3 көшелерін нөсер жаңбыр басты. Қазір комуналдық қызмет пен өндірістік мекемелерден 12 су сору техникалары, қалалық төтенше жағдайлар бөлімі және комуналдық қызметтердің 5 мотопомпалары су сору жұмыстарын жүргізді. Жағдайға байланысты түнгі мезгілге де ауысыммен жұмыстар атқару жоспарланған” - деді Жаңаөзен қалалық әкімдігінің өкілдері.
Тұрғындар әлеуметтік желіде нөсер жауынның салдары түсірілген видео жариялады.
Жаңаөзендіктер Р.Өтесінов атындағы дене шынықтыру сауықтыру кешенінің төбесінен аққан суды да көрсетті.
Маңғыстау облысының тұрғындары жолды өз күшімен жөндеуге кірісті – видео