АСТАНА, 21 тамыз - Sputnik. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бала күтімі бойынша төлем ұзақтығы 1,5 жасқа дейін ұзартылды.
Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен 107,2 мың жұмыс істемейтін ата-ана 20,9 млрд теңге сомасына жәрдемақы алды.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 439,6 мың ата-ана 144,8 млрд теңге сомаға табысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды.