АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Астанада LRT құрылысына байланысты Сығанақ көшесініңбір бөлігі толығымен жабылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі кезде монолитті темірбетон балкаларын орнату жұмысы жүргізіліп жатыр.
"Осыған байланысты 25 тамыздан бастап Сығанақ көшесінің бойымен, нақтырақ айтқанда Қабанбай батыр даңғылынан Түркістан көшесіне дейінгі (оңтүстік жағы) қозғалыс толығымен тоқтатылады және Сығанақ көшесінің бойымен Түркістан көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралықта (солтүстік жағы) қозғалысқа ішінара шектеу енгізіледі", - делінген ресми хабарламада.
Шектеу мерзімі 30 қарашаға дейін созылады. Бірақ осы учаскеде өтетін қоғамдық көлік қозғалысында өзгерістер болмайды.