АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. ЕАЭО-да құрылыс көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биыл І жартыжылдықта 9,7%-ке өсіп, 6,3 трлн рубльді құрады. Бұл туралы ЕЭК деректерінде айтылған.
"ЕАЭО-да орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2023 жылғы қаңтар - маусымда 2022 жылғы қаңтар - маусыммен салыстырғанда 9,7%-ға өсті", - делінген хабарламада.
ЕАЭО елдерінде өсім қандай болды:
Арменияда – 48,9%
Беларусьте – 12,1%
Қазақстанда – 12,3%
Қырғызстанда – 22,9%
Ресейде – 9,2%.
Бұл ретте тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,3%-ке ұлғайды. Көрсеткен ең көп Қазақстанда (11,8%-ке) және Арменияда (72,2%-ке) өсті. Беларусь, Қырғызстан және Ресейде төмендеді (тиісінше 8,0%, 5,1% және 0,9%).
2023 жылғы қаңтар – маусымда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің пайдалануға берілген тұрғын үйлерінің жалпы көлемінің 84,2%-і Ресейге, Қазақстанға – 11,9%, Беларуське – 2,8%, Қырғызстанға – 0,8%, Арменияға – 0,3% тиесілі болды.
ЕАЭО-да жалпы ауданы 61,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.