Шахтадағы өрт: министр құтқарушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

Жоғары температура мен қою түтін іздестіру жұмыстарын қиындатып тұр
Sputnik
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов "Қазақстан" шахтасында жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
"Қазіргі уақытта екі зардап шегушіні іздеу жұмыстары жүргізілуде және
жергілікті Д-6 көмір конвейерлік еңісте жану ошақтарын сөндіру жалғасуда. Өрт сөндірушілердің авариялық қазбалардың жанындағы жұмысы жоғары температура мен үздіксіз түтіннің себебінен қиындай түсті. Сондай-ақ, қазбаны салқындату бойынша іс-шаралар жүргізілуде", - делінген хабарламада.
ТЖ министрлігі іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу барысын тұрақты бақылауда ұстайды.
Сырым Шәріпханов іздестіру жұмыстарына тартылған тау-кен құтқарушылары үшін қажетті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етуді тапсырды.
Смайылов "АрселорМиттал Теміртаудағы" аудиттерді жеделдетуді талап етті