Премьер-министр қаза тапқан кеншілердің отбасымен кездесті

Sputnik
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Әлихан Смайылов Қарағанды облысына барып, "Қазақстан" шахтасында апат салдарынан қаза тапқан шахтерлердің отбасы мүшелерімен кездеседі,
сондай-ақ әкімдік пен орталық мемлекеттік органдар басшылығымен жедел кеңес өткізеді.

Шахтинск қаласында премьер-министр бірінші кезекте кеншілердің бірі – Артур Халиковтың анасымен және жұбайымен сөйлесті, кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов өткен жылдың қараша айында Ленин атындағы шахтада қаза тапқан Арман Қашкейдің жұбайымен кездесті.
Шахтадағы өрт: министр құтқарушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды