АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше жол учаскесі жабылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының, сондай-ақ Өндіріс көшесінің қиылысында жол төсемін жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр.
Осыған байланысты 19-20 тамыз аралығында Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысында көлік қозғалысы толығымен жабылады.
Сонымен қатар, 19 тамыздан 7 қыркүйекке дейін Солтүстік айналма жолдан көлік айырбасына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы ішінара тоқтатылады.
Бұдан бөлек, Арай көшесінде жол төсеміне орташа жөндеу басталды. Жөндеу жұмыстарына байланысты 19-21 тамыз аралығында Жауқазын көшесінен Ғарышкерлер көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылады.
Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарынан кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.