ТАЛДЫҚОРҒАН, 18 тамыз – Sputnik. Жетісуда жедел жәрдем көлігі жол бойында тұрған жүк көлігіне соқтығысып, қақ айырылды. Оқиға орнында екі адам көз жұмды, деп хабарлайды өңірдің полиция департаменті.
Ақсу ауданында жергілікті маңызы бар "Көлтабан – Матай" автожолында жедел жәрдем көлігі мен Урал жүк көлігі соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасына жедел жәрдем көлігінің 57 жастағы жүргізушісі кінәлі екені анықталды. Ол рөлді тізгіндей алмай, жол бойында тұрған жүк көлігіне соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен 54 жастағы жергілікті фельдшер оқиға орнында көз жұмды. Осы факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады Жетісу облсының полиция депаратменті.