Қазақстанда ауа температурасы екі есе жылдам көтеріліп жатыр – сарапшы

Мамандар жаһандық жылыну проблемасы ерте ме, кеш пе, әрбір қазақстандыққа әсер ететінін айтады
Sputnik
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. "Sputnik Қазақстан" ақпарат агенттігінің мультимедиялық баспасөз орталығында сарапшылар жаһандық климаттық өзгерістің Қазақстанға әсері мәселесін талқылады.
Қазақстанда ауа температурасы екі есе жылдам көтеріліп жатыр
Атап айтқанда, "Қазгидромет"РМК ғылыми-зерттеу орталығының директоры Нұрлан Абаев Қазақстанда ауа температурасы әлемдік көрсеткіштерден екі есе жылдам көтеріліп жатқанын атап өтті. Әсіресе республиканың оңтүстік және батыс өңірлерінде күн едәуір жылдамжылынуда.
Оның айтуынша, ұзақ мерзімді болжамдар бойынша бұл үрдіс жалғасады және қазақстандықтар "құбылмалы" климатта өмір сүруге дағдылануы керек.
Бұл, әрине, халықтың денсаулығына да, ел экономикасына да әсер етеді. Өзен суының азаюы проблеманы қиындатады.
"Қазгидромет"РМК ғылыми-зерттеу орталығының директоры Нұрлан Абаев
"Климаттың өзгеруі табиғатқа ықпал етеді. Мысалы, бұрын күзде жауын-шашын көп болатын. Қазір күзгі жауын-шашынның азайғанын байқап отырмыз. Сондықтан топырақ жеткілікті түрде ылғалданбаған. Мұндай кездеқар жеткілікті болса да, өзен суының деңгейі көтерілмейді. Сондықтан біз болашақта осыны ескеріп, болжанып отырған климаттық өзгерістерге бейімделуіміз керек", - деп толықтырды синоптик.
Ол сондай-ақ мұздықтар алаңының тарылуы мәселесін көтерді. Оның айтуынша, бұл жағдай ғасыр ортасында өзен деңгейінің бұдан да көп төмендеуіне әкеп соқтырады. Осылайша климат көші-қон процесіне әсер етеді. Алдағы жылдары оңтүстік өңірлер халқының шамамен 20 пайызы солтүстік өңірлерге көшуге мәжбүр болады.