АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Қазақстан теміржолмен бидай әкелуге жарты жылға тыйым салды.
Үшінші елдер мен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінен теміржолмен бидай импорттауға тыйым салу шаралары кеңейтіледі. Бұл тыйым алты ай бойы әрекет етеді, бұйрық жобасы "Ашық НҚА"порталында жарияланды. Ол 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қоғамдық талқылауда болады.
Бұйрықта теміржолмен бидай импорттауға лицензиясы бар элеваторларға, астық өңдеушілер мен құс шаруашылығы кәсіпорындарына ғана рұқсат берілетіні аталып өткен.
Сонымен қатар автомобиль көлігімен астық әкелуге салынған тыйым 6 айға ұзартылады.
Шешім астық нарығының ішкі тұрақтылығын сақтауға бағытталған, деп түсіндірді Ауыл шаруашылығы министрлігі.