МАЭК-тегі апат: Маңғыстауда жарықты шектеп беру режимі алынып тасталды

Sputnik
АСТАНА, 15 тамыз - Sputnik. Маңғыстау облысында МАЭК-тің жылу электр станциясындағы №1 энергоблокты жөндеу жұмыстары аяқталды. Өңірде электр энергиясын шектеп беру режимі алынып тасталды, деп хабарлайды облыстық әкімдік.
"Қазіргі уақытта энергия блогының жұмысы сынақтан өткізіліп жатыр, халық пен өнеркәсіптік кәсіпорындардың көпшілігі үшін электр энергиясын шектеп беру режимі алынып тасталды", - делінген әкімдіктің хабарламасында.
Мамандардың айтуынша, жұмыс барысында қазандықтың оң жақ тұзды бөлігіндегі зақымдалған 5 экрандық құбыр ауыстырылды. Бұған дейін сол жақ тұзды бөлігінде 12 құбыр ауыстырылған болатын.
Барлық монтаждау жұмысы аяқталғаннан кейін кәсіпорын қызметкерлері дәнекерленген құбырлардың металдарын бақылаудан өткізді, гидравликалық сынақтар жүргізілді.
Энергоблок 17 тамызда сағат 17:30-да қосылды. МАЭК қызметкерлері апатты тез арада жою үшін тәулік бойы үздіксіз жұмыс жүргізді.
Бұған дейін Маңғыстау облысында МАЭК-те энергия блоктарының бірі істен шыққаны хабарланған болатын. Саалдарынан электр энергиясын пайдалануға шектеу қойылды.
Жарық аймақтар бойынша 3-5 сағатқа өшірілді. Өңірдің ірі өнеркәсіптік нысандарына берілетін электр энергиясына да шектеу қойылды.
"МАЭК"-тегі апат: энергия блоктарын жөндеу үзіліссіз жүргізіліп жатыр