Түркия Қазақстандағы кеме жасау зауытының құрылысына инвестиция салады

Екі түрік компаниясы қазақстандық "Каспий" жобасын жүзеге асыруды қолға алды
Sputnik
АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Түркия Қазақстандағы кеме жасау зауытының (верфь) құрылысына инвестиция салады, ол болашақта порттың есебінен кеңейтілуі мүмкін, деп жазды Yeni Şafak газеті.
"Екі түрік компаниясы қазақстандық "Каспий" жобасын жүзеге асыруды қолға алды, ол кеме жасау зауытынан басталып, портқа айналады. Айта кетері, верфьӘскери-теңіз күштері мен Қазақстан экономикасының қажеттілігі үшін әскери және коммерциялық теңіз кемелерінен бастап негізгі жер үсті әскери кемелеріне дейін әртүрлі платформаларды жобалап, жасайды", - деп жазды газет.
Жобаны іске асыру мерзімі – осы жылдың соңы – 2024 жылдың басы.
Шілде айының соңында индустрия министрлігінің баспасөз қызметі Sputnik тілшісіне зауыт ASFAT-пен бірлесіп Қазақстан қорғаныс министрлігіне жобалар ұсынатынын, Қазақстан қарулы күштерінен сұраныс болған жағдайда жобалар жүзеге асырылатынын айтқан еді.
Оралдағы "Зенит" зауыты – патрульдік және зымыран катерін шығаратын Қазақстандағы басты кеме жасау кәсіпорны. Зауыт кеме жасаудың жобалаудан бастап, кемелерді суға түсіруге дейінгі толық циклін қамтиды.
Қазақстан Түркияға авиаөндірісті бірлесіп дамытуға ұсыныс жасады