Өрт шыққан шахтадан екі кеншінің мәйіті табылды

Қарағанды ​​облысында 170 метр тереңдікте болған өрт екі кеншінің өмірін қиды, тағы үшеуі әлі табылған жоқ
Sputnik
АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Өрт кезінде жоғалып кеткен кеншілердің екеуінің мәйіті табылды, деп хабарлады Қарағанды ​​облысының әкімдігі.
"Қазақстан" шахтасынан жер бетіне шықпаған тағы үш кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те "Қазақстан" шахтасында конвейер таспасы өртенді. Төтенше жағдай кезінде 5 жұмысшы жоғалып кетті.
Шахтадағы төтенше жағдай: жоғалғандарды табуға қою түтін кедергі болып тұр