"Оның (қолтырауынның ұрғашысы) толық қоршалған аулама кіріп алғанына таңғалдым. Содан кейін жұмыртқа салған ұясын таптым. Мен оған Матильда деген ат қойдым", - дейді аллигатормен көрші болған ролик авторы.
Үй иесінің айтуынша, жыртқыш бақшасына қоршау арқылы кіріп келуді жиілеткен. Ер адам осы сәттің бірін видеоға түсіріп алыпты.
Алғашында бұл жағдай қызық көрінген, бірақ кейінірек аллигатордың кеткісі келмейтін көріп, қорқа бастаған.
Қауіпті бауырымен жорғалаушыларды аулайтын тәжірибелі маманды шақыруға тура келді. Бір жарым метрлік жыртқыш бірден қолға түспеді.
Видео авторының айтуынша, ақыр соңында аналық қолтырауынмен оның жұмыртқадан әлі шықпаған болашақ ұрпағы жабайы табиғаттағы судың жанына көшірілді.