"Қазақстан" шахтасындағы өрт: төрт адам ауруханада жатыр

Шахтада барлығы 227 адам болған, үш адам әлі жер астынан шығарылмады
Sputnik
АСТАНА, 17 тамыз - Sputnik. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің өрт шыққан "Қазақстан" шахтасынан 222 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алдын ала мәліметке сәйкес, қауіпсіз жерге шығарылған 13 адам бас ауруы мен жөтелге шағынданған. Қазіргі уақытта 4 адам, оның ішінде екеуі Шахтинск қаласының орталық аурухансына, тағы екеуі облыстық медициналық орталыққа жатқызылды.
Шахтада барлығы 227 адам болған, бес адам әлі жер астынан шығарылмады.
Бұған дейін "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының "Қазақстан" шахтасында конвейер таспасы өртеніп жатқанын хабарлаған едік.
Қоғам
Қазақстандағы ең қауіпті шахта: 60-тан астам кенші опат болған