"Луна-25" Ай бетінің алғашқы суреттерін Жерге жіберді

"Луна-25" станциясы Жер серігінің бетіндегі гамма-сәулелері мен нейтрондар ағындарын анықтады
Sputnik
АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Ресейлік "Луна-25" автоматты станциясы Ай бетінің алғашқы суретін түсірді, деп хабарлады "Роскосмос".
Станция Ай орбитасына сәтті шықты, деп атап өтті корпорация.
"Луна-25" орбитасынан кешеннің телевизиялық камералары арқылы Ай бетін суретке түсірді.
Түсірілген нысандардың арасында Айдың арғы жағындағы оңтүстік полярлық Зееман кратері бар. Жерден көрінбейтін Зееман кратері Ай бетіндегі бірегей нысан және зерттеушілердіңқызығушылығын тудырып отыр.
"Алынған суреттер бұл кратер туралы қазіргі уақытта бар ақпаратты айтарлықтай толықтырады", - деп атап өтті "Роскосмос".
Айдың арғы жағының алғашқы суретін 1959 жылы қазанда Луна-3 кеңестік автоматты станциясы түсірген.
Видео
"Луна - 25": Шығыс ғарыш айлағынан ғаламшараралық станция қалай ұшырылды – фото, видео