АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Қарағанды облысының әкімдігі өрт шыққан шахтадан 2 емес, 1 кеншінің денесі табылғанын хабарлады.
Әкімдіктің мәліметінше, мәйіт табылған жерге екі жақтан екі іздестіру тобы барған. Әрқайсысы өз есебін жібергендіктен, бір емес, екі мәйіт табылғаны туралы қате ақпарат тарап кеткен.
Еске сала кетейік, "Қазақстан" шахтасынан екі кеншінің мәйіті табылғаны хабарланған болатын.
17 тамызда сағат 10:05-те "Қазақстан" шахтасында конвейер таспасы өртенді. Төтенше жағдай кезінде 5 жұмысшы жоғалып кетті. Оның төртеуі әлі іздестіріліп жатыр.