Қарағандыда көмір шахтасы өртенді: адамдар жер бетіне шығарылып жатыр

Шахтада барлығы 227 адам болған, шахтаның қапталы арқылы адамдар жер бетіне шығарылып жатыр
Sputnik
АСТАНА, 17 тамыз - Sputnik. "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының "Қазақстан" шахтасында конвейер таспасының өртенуіне байланысты апатты жою жоспары енгізілді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Оқиға орнына облыс әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин мен Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбеков жетті.

"17 тамызда сағат 10:05-те "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісінің қазбасында конвейер таспасы өртенді, апатты жою жоспары енгізілді. Шахтаны желдету жүргізіледі. Оқиға орнына кәсіби апаттық құтқару қызметі және төтенше жағдайлар департаментінің мамандары келді. Шахтада барлығы 227 адам болды, шахтаның қапталы арқылы адамдар жер бетіне шығарылып жатыр. Қазіргі сәтте 131 адам шығарылды", – делінген жедел хабарламада.

Сонымен қатар, кәсібилендірген әскери апаттық құтқару қызметі мен ТЖД күштері қосымша жолданды.
Қоғам
Қазақстандағы ең қауіпті шахта: 60-тан астам кенші опат болған