Ақтөбелік диқаншылар Ресейден дизель отынын сатып алуға мәжбүр

Диқаншылар Ресей жеріндегі дизель отыны Қазақстанның жеңілдетілген дизель отынынан 30%-ке арзан дейді
Sputnik
АЛМАТЫ, 17 тамыз – Sputnik. Ақтөбелік диханшылар Ресейден жағармай сатып алып отыр. Биыл жеңілдетілген дизель отыны оларға тым қымбатқа түскен, деп хабарлайды "Диапазон" порталы.
Шаруа қожалықтарының басшылары ауыл шаруашылығы басқармасының басшысымен, сұйық мұнай отынын жеткізушімен және "Атамекен"өкілдерімен кездескен. Жиында жанар-жағар майдың бағасы туралы айтылды.
"Жақында үкіметте: 1 тамыздан бастап егін жинауға арналған дизель отынының бағасы литріне 250 теңгеден аспауы керек деп айтылған болатын. Бірақ біздің облыста ауыл тұрғындарына жеткізуді есептемегенде көгілдір отын бағасы 265 теңге тұрады. Кейбір шаруашылықтар қарызға батып, бағаның қымбаттығына да қарамай, осындай дизель отынын сатып алды", - дейді ақтөбелік егін орушылар.
Айтуларынша, диқандарды бұл мәселе тығырыққа тіреп отыр.
"Биыл бір тонна астықты өсіру 117 мың теңгеге шықты. Бірақ біз оны осы бағамен сата аламыз ба? Трейдерлердің бағасы өте төмен, "азық – түлік корпорациясы" тоннасына 75 мың теңгедеген баға қойды. Қымбат дизель отынының, қосалқы бөлшектердің салдарынан біз шығынға ұшыраймыз, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге банкрот болу қаупі төніп тұр", - дейді Әйтеке би ауданының "Комсомол" ЖШС басшысы Виталий Волынец.
Оның 15 мың гектар егістік жері бар.
"Барлығында несиелер, лизингтер бар, біз оларды қайтара алмаймыз. Сондықтан жанар-жағармай шығындарын субсидиялау қажет. Бұрын дизель отынын 30-50% - ға арзандатқан, ал бүгінде жеңілдік тек көлік шығындарын жабады", - дейді ол.
"Шаруа қожалықтары басшыларының айтуынша, өткен жылы елімізде дизель отынының бағасы Ресейге қарағанда едәуір төмен болғандықтан, оны сатып алып, әкеткен. Қазір жағдай керісінше: көршілердегі көгілдір отын бағасы біздікіне қарағанда 30%-ке арзан.