Жел, жаңбыр, тұман: синоптиктер 17 тамыздағы ауа райын болжады

Sputnik
АЛМАТЫ, 16 наурыз – Sputnik. Қазгидромет 17 тамыздағы ауа райына болжам жасады.
Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, шығысында тұрақсыз ауа-райы күтіледі.
Жаңбыр, найзағай, түнде Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында жауын-шашын күтіледі. Ел бойынша екпінді жел соғады. Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-батысында, орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.
Күндіз Атырау облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде 35-36°С қатты ыстық болады.
Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, Алматы облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында жоғары өрт қаупі бар.