АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі алғаш рет жаңа форматта ұйымдастырылады, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
"Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт" атты тамыз кеңесі 24-25 тамыз аралығында өтеді.
"Осы жылы республикалық тамыз кеңесі алғаш рет жаңа форматта өтеді. Барлық 20 өңір тақырыптық бағыттарға бөлінді. Кеңесте педагог-тәжірибешілер, сарапшылар, білім және психология саласының мамандары өз тәжірибесін бөліседі", - деді Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.
24 тамызда өңірлерде келесі тақырыптық бағыттар бойынша секциялық отырыстар өтеді:
1.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – Қызылорда облысы;2.
Ауыл мектебін дамыту – Актөбе облысы;3.
Оқуға құштар ұлт –Абай облысы;4.
Инклюзивтік және арнайы білім – Қостанай облысы;5.
Педагог мамандарды дамыту – Солтүстік Қазақстан облысы;6.
Дарынды балалар - ұлт зиялылары –Ұлытау облысы;7.
Инновациялық білім технологиялары – Алматы облысы;8.
Балалардың демалуы мен сауығуы – Акмола облысы;9.
Жайлы инфрақұрылымды қалыптастыру – Астана қаласы;10.
Балалар үшін тең мүмкіндіктер – Қарағанды облысы;11.
Мектепте дұрыс тамақтану - ұлт саулығының кепілі – Алматы қаласы;12.
Қосымша білім беру – Шығыс Қазақстан облысы;13.
Ұлттық құндылықтар негізіндегі тәрбие – Түркістан облысы;14.
Балалар үшін - қауіпсіз орта – Атырау облысы;15.
Техникалық және кәсіптік білім беру – Павлодар облысы;16.
Білім мазмұнын жақсарту арқылы сапаны арттыру – Маңғыстау облысы;17.
Білім саласындағы бақылау және бағалау – Жамбыл облысы;18.
Білім саласындағы қаржы-құқықтық тәртіп – Жетісу облысы;19.
Білім саласындағы басқару негіздері – Батыс Қазақстан облысы;20.
Білім саласындағы цифрлық шешімдер – Шымкент қаласы.25 тамызда онлайн режимде қосылатын 20 өңірдің қатысуымен Бірыңғай республикалық пленарлық отырыс өтеді. Оған білім беру жүйесінің 12 мың қызметкері қатысады.