АЛМАТЫ, 16 тамыз — Sputnik. Шымкентте Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Данияр Елқонды өз еркімен жұмыстан шықты. Бұл туралы мемлекеттік қызмет департаментінен хабарлады.
Шымкенттің гүл дүкенінде жанжалдасып, гүлді тегін алып кеткен адамның қасында бірге жүрген. Мемлекеттік қызметші Данияр Елқонды гүлге бола дауласпады, бірақ дауласқанды жөнге салмады.
"Қазіргі уақытта Данияр Елқонды өзі еркімен өтініш беріп, қызметінен босады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес олардың мемлекеттік қызметті өз еркімен тоқтатуына ешқандай кедергі болған жоқ", – делінген ресми хабарламада.
Күні кеше Шымкенттегі мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Талғат Болатұлы Sputnik Қазақстан-ға Данияр Елқондыға қатаң сөгіс берілгенін айтқан болатын.