АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. 1 тамыздағы жағдай бойынша 102,7 мың отбасындағы 538,9 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 65 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Атаулы әлеуметтік көмек отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-інен төмен азаматтарға тағайындалады.
Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап берілген кепілдендірілген әлеуметтік қосымша төлем түріне ауыстырылды. Яғни 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда 1,5 АЕК мөлшеріне (2023 жыл – 5175 теңге) ауыстырылды.
1 тамыздағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 166,5 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.