Тоқаев Путинге көңіл айтты

Махачкала қаласындағы жанар-жағармай стансасында болған жарылыстан 30 адам қаза тапты
Sputnik
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстан Республикасының Махачкала қаласындағы жанар-жағармай стансасында болған жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айтты.
"Орны толмас қайғыға ортақтасып, қаза тапқан адамдардың туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өз атымнан көңіл айтамын. Сонымен қатар зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", – деп жазылған жеделхатта.
Еске сала кетейік, Махачкала қаласындағы жанар-жағармай стансасында болған жарылыстан 30 адам қаза тапты.
Тоқаев Пәкістан президентіне көңіл айтты