АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Риддерде жалпы білім беретін мектеп пен ерекше балаларға арналған гимназия бірігуі мүмкін. Ал ата-аналар наразы, деп хабарлады YK-News.kz.
Қала билігі "Шаңырақ" гимназиясынан жүзге жуық ерекше баланы жаңа мектеп ғимаратына "көшіру" туралы шешім қабылдаған.
Ата-аналар болса бұған наразы. Айтуларынша, "Шаңырақта" балалар бір ауысымда оқиды, мектепте шамадан тыс жүктеме жоқ, ал ғимараты жаңа болмаса да, апатты емес. Ал аралас тілді жаңа мектепте небәрі 600 орын бар және балалар екі ауысымда оқиды.
Жаңа мектеп ғимараты ерекше балаларға арналып жабдықтала бастаған.
Бір күн бұрын балалар президентке мектепті өздеріне қалдыру туралы өтініш білдірді.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дархан Сапанов ашулы ата-аналармен күні бойы сөйлесуге мәжбүр болды.
"Шаңырақ" мектебінің ғимараты тексеріледі. Егер ол жөндеуді қажет етсе, мектеп №11 мектеп ғимаратына көшіріледі және барлық оқушы ауыстырылады", — деді Дархан Сапанов кездесуден кейін.
Оның айтуынша, ешкім мектептен шығарылмайды. Ал жақын болашақта Риддерде салынатын жаңа мектеп туралы шешімді қала әкімдігі мен облыстың білім басқармасы қабылдайды.