Тоқаев бұрынғы сыртқы істер министрін жаңа қызметке тағайындады

Ол Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болды
Sputnik
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Президенттің жарлығымен бұрынғы сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі лауазымына тағайындалып отыр. Осы қызметті атқарған Әлібек Әсетұлы Бақаев лауазымынан босатылды.
Ал Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Данат Мұсаев Қазақстан Республикасының Андорра Князьдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметін қоса атқаратын болды.
Өңірлер
32 жастағы "Болашақ" түлегі туған ауданына әкім болып тағайындалды