"Росатом" Қазақстандағы Буденовское уран кен орнын сатып алды

Sputnik
АСТАНА, 14 тамыз - Sputnik. "Росатом" Қазақстандағы Буденовское уран кен орнын сатып алды, деп хабарлады Росатом мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачев.

"Қазақстандағы Буденовское кен орнын сатып алуға қолдау көрсеткеніңіз үшін алғыс айтқым келеді", - деді Лихачев РФ президенті Владимир Путинмен кездесуі барысында.

Ол сондай-ақ Ресей уран қоры бойынша екінші орынға шыққанын және ядролық отын цикліндегі қайта бөлу бойынша үштікке кіргенін айтты.
"Қазатомөнеркәсіптің" деректері бойынша 2024 жылы "Буденовское" учаскелерінде 2,5 мың тонна кен өндірілген. Бұл көрсеткіш 2025 жылы - 4,5 мың тоннаға, 2026 жылы 6 мың тонна толық қуатқа шығу жоспарланған.
Буденовское кен орны - 1970 жылдары ашылған әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі.
Кен орнының екі учаскесіндегі алғашқы технологиялық ұңғыма 2021 жылдың басында ғана салынды. 2022 жылдың қарашасында бірінші блок қышқылданған, ал биылғы жылдың наурызында алғашқы 50 тонна уран өндірілді.