Қазмұнайгаз отандық фермерлер үшін дизель отынының бағасын төмендетті

Жалпы көлемі - 426 мың тонна арзандатылған дизель отынын тасымалдау көзделген
Sputnik
АСТАНА, 14 тамыз - Sputnik. Қазмұнайгаз күзгі дала жұмыстарының қарсаңында фермерлер үшін дизель отынының бағасын литрі үшін 238 теңгеге дейін төмендетті.

"Отынды жеткізетін өңірдегі операторлардың энергетика министрлігі ұсынған литріне 12 теңгеге деңгейіндегі маржасын ескергенде, жеңілдікпен берілетін дизель отынының шекті құны литріне 250 теңгеден аспау керек. Бұл нарықтағы бағадан 45 теңгеге арзан (литрі 295 теңге)", - делінген компания хабарламасында.

Егін жинау науқанында энергетика министрлігінің мақұлдауымен өңірлерге жалпы көлемі - 426 мың тонна арзандатылған дизель отынын тасымалдау көзделген.
"Бұл ретте шілде айында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қажеттілігіне 90 мың тонна дизель отыны жеткізілді: осылайша фермерлердің дизель отынына берген өтініші толығымен орындалды", - деп хабарлады Қазмұнайгаз..