АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облысында бірқатар елді мекенге электр қуатын беруге шектеу енгізілді, деп хабарлады облыстық Қоғамдық коммуникация орталығы.
№3 энергоблокты апаттық жөндеуге шығаруға және "МАЭК" ЖШС электр станциясында №1 ЖЭС энергоблок жұмысының тоқтауына байланысты "КЕГОК" АҚ Ұлттық диспетчерлік орталығы диспетчерінің келісіміне сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде Маңғыстау облысының келесі елді мекендері бойынша электр энергиясын тұтынуға ішінара шектеулер енгізілді:
Жаңаөзен қаласы (ішінара) және жақын маңдағы ауылдар;
Маңғыстау ауданының елді мекендері;
Форт-Шевченко қаласы және Түпқараған ауданының елді мекендері;
Мұнайлы ауданының бірқатар елді мекені;
Қарақия ауданы бірқатар елді мекені.
"МАЭК" ЖШС-де жалпы электр энергиясы 545 МВт өндіреді. Қазіргі уақытта екі энергоблоктың тоқтауына байланысты электр станциясы 245 МВт өндіруде", - деп жазылған хабарламада.
Елді мекендерді сумен жабдықтауға ешқандай шектеулер жоқ.
Ауруханалар мен әлеуметтік қажеттіліктер электр энергиясымен қамтамасыз етіледі.
Апаттың себептерін жою үшін жедел штаб жұмыс істейді.
МАЭК мамандары №3 энергоблокты жөндеуге шұғыл өтінім берді.