Елшілікте кадрлық ауыс-түйіс болды

Sputnik
АЛМАТЫ, 14 қазан – Sputnik. Қазақстан Республикасының елшілігінде кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен Барлыбай Садықов Қазақстанның Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол Кения Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқаратын болады.
Ал Асқар Сауытбекұлы Әбдірахманов Париж қаласындағы (Француз Республикасы) білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен ұлттар ұйымының және басқа да халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.
Сондай-ақ мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның Франциядағы төтенше және өкілетті елшісі Гүлсара Арыстанқұлова білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен ұлттар ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі лауазымынан босатылды.