АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Талдықорғанда белгілі журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды.
Жетісу облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 11 тамызда журналист Сандуғаш Дүйсенова Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі бойынша ұсталды.
"Бұл бап бойынша жеке өмір туралы ақпаратты, соның ішінде жеке немесе отбасылық құпияны көпшілік алдында, жұмыста, бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникация желілері арқылы таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылған", - делінген хабарламада.
Журналист қалалық полиция басқармасына жеткізілген. Ол кінәсін мойындап, процесуалдық іс-шаралар өткізілгеннен кейін ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.
Тергеу облыстық полиция департаментінің бақылауында. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, деп атап өтті полициядағылар.
Тергеу облыстық полиция департаментінің бақылауында. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, деп атап өтті полициядағылар.