Еріктілер Алматы облысында мәдениет үйінің құрылысын бақылауға алды

Sputnik
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Алматы облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет еріктілер тобымен бірлесіп Іле ауданына мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг барысында Өтеген батыр ауылында 400 орындық мәдениет үйінің құрылысы 2022 жылы басталғаны анықталды. Ол осы жылдың маусым айында аяқталуға тиіс еді. Алайда, еріктілер объектіні мониторингтеу кезінде мердігер ұйымның объектіні стапсыру мерзімін кешіктіргенін байқады. Олар нысанның аяқталуын 2024 жылдың 2 тоқсанына жоспарлаған.
Мониторинг қорытындысы бойынша тапсырыс берушіге және тиісті қызметтерге хат жолданды.
Айта кету керек, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобасы аясында кез келген азамат ерікті атанып, жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізе алады.