Спорт

Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты

Sputnik
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Монреалда (Канада) өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің 1/4 финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.
Әлемнің төртінші ракеткасы Рыбакинаға жартылай финалға шығу үшін ресейлік мықты теннисші, әлемдік рейтингте 14-ші орында тұрған Дарья Касаткинамен додаға түсу керек болды.
"Бірінші сетте Касаткина мықтырақ болып, нәтиже 7:5 болды. Екінші ойында Рыбакина екі рет (1:3 және 3:4-тен) жоғары ұпай жинап, 7:5 есебімен басымдыққа ие болды. Соңғы нәтиже үшінші сетте тай-брейкте Рыбакинаның пайдасына шешілді – 7:6 (10:8)", - деп жазылған ақпаратта.
Айта кету керек, матч шамамен үш жарым сағатқа созылды.
Еске салсақ, бұған дейін турнирде Елена Рыбакина америкалық Дженнифер Брэди мен Слоун Стивенсті жеңген болатын.
Жартылай финалда Рыбакина тағы бір ресейлік спортшы Людмила Самсоновамен (WTA 18) ойнайды. Ол бұған дейін әлемнің 13-ші ракеткасы швейцариялық Белинда Бенчичті турнирде тізе бүктірген болатын.
Спорт
Елена Рыбакина қазақстандық жас теннисшілерге 2,5 млн теңгеден берді