АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында жоғалған күйеуін өлтірді деген күдікпен әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz
12 тамыз Түркістан облысы Сарыағаш ауданының полициясына жергілікті тұрғыннан екі күн бұрын 38 жастағы інісі жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.
"Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полицейлер отбасылық жанжалдан кейін күйеуін өлтірді деген күдікпен аудан тұрғынын анықтап, ұстады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдікті әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабардамада.
Қайғылы жағдай болған отбасы ішкі істер органдарында есепте тұрмаған және отбасылық жанжал бойынша бұрын полицияға жүгінбеген.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.