Тоқаев инвестициялық саясатты жетілдіруге үлес қосқан шетелдік маманға алғыс айтты

Sputnik
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сэр Сума Чакрабартиді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Кездесу барысында президент сэр Сума Чакрабартиге экономикалық даму мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесші лауазымында атқарған жемісті еңбегі үшін алғыс айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев оның Реформалар жөніндегі жоғары кеңес аясында айтқан ұсыныстары бірқатар бағдарламалық құжатта қолдау тапқанын атап өтті. Мемлекет басшысы сондай-ақ Сума Чакрабартидің Қазақстанның инвестициялық саясатын жетілдіруге қосқан үлесіне оң баға берді.
АлСума Чакрабарти зор сенім артқаны үшін мемлекет басшысына ризашылығын жеткізді.