АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Бүгін Өзбекстанда "Док-1 Макс" препаратының кесірінен 65 баланың көз жұмуына қатысты іс бойынша сот басталады, деп хабарлады Sputnik Өзбекстан.
"Жоғарғы соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот отырысы 11 тамызға белгіленген. Өзбекстан Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша 21 адам сотталады", - делінген хабарламада.
Олардың арасында Quramax Medikal компаниясының директоры, Үндістан азаматы, Өзбекстанның Фармацевтика саласын дамыту агенттігінің бұрынғы директоры бар", - деп толықтырды агенттік.
Айыптау қорытындысында "Док-1 Макс" препаратымен байланысты бірқатар қылмыстың жасалуы салдарынан 65 баланың қаза тапқаны айтылған.
Іс Ташкент қалалық сотында қаралады.