ЕҚЫҰ Ереван мен Бакуді сындарлы диалогқа шақырды

Sputnik
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) қазіргі төрағасы, Солтүстік Македонияның сыртқы істер министрі Буяр Османи Армения мен Әзербайжанға қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге көмектесуге дайын екенін мәлімдеп, тараптарды сындарлы диалогқа шақырды.
ЕҚЫҰ төрағасы Лачинск дәлізіне қатысты жағдайға және оның бейбіт тұрғындарға тигізетін зардаптарына алаңдаушылық білдірді.
"Ол өзінің тиімді көмегін, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның қарым-қатынасты қалыпқа келтірудің бір бөлігі болуы мүмкін сенімді нығайту құралдары мен шараларын ұсынды", - деп жазылған ұйымның сайтында.
Жалпы Буяр Османи Армения сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян және Әзербайжан сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен жекелей телефон арқылы сөйлескені белгілі болды.
ЕҚЫҰ басшысы Ереван мен Бакуді жағдайды реттеу үшін келіссөз жүргізуге шақырды және оқиғалардың өрбуін жіті бақылап отырғанын атап өтті.
Лачинск дәлізі – Таулы Қарабақ пен Арменияны байланыстыратын жол. Бұл жолды 2022 жылдың желтоқсанында өздерін экологтар деп таныстырған бір топ әзербайжан бұғаттады. Кейін ел билігі Армениямен шекарада Хакари көпірі маңында ресми түрде бақылау-өткізу бекетін орнатты.
Таулы Қарабақ халқына Ресейдің бітімгершілік күштері мен Халықаралық Қызыл Крест комитетінің көмегімен гуманитарлық көмек жеткізіліп жатыр. Осы жылдың маусым айында Армения мен Әзербайжан шекарашылары арасындағы атыстан кейін Баку Таулы Қарабаққа гуманитарлық көмек жеткізуге тыйым салды.