АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен Алматыдағы "Ақкент" ықшам ауданында болған өрт кезінде адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азамат марапатталды, деп хабарлайды Ақорда.
Атап айтқанда, "Ерлігі үшін" медалімен марапатталады:
1.
Ахметханов Тілеужан – "Expo Masters" ЖШС менеджері, Алматы қаласы;2.
Гюнай Шюкрю – "Спарк Электромеханик" ЖШС электригі, Алматы қаласы;3.
Исмаилов Эльдар – "Спарк Электромеханик" ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;4.
Йерделен Халил – "GASK Construction" ЖШС автокран операторы, Алматы қаласы;5.
Мамедов Кенан – "Спарк Электромеханик" ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;6.
Романов Вадим – "Frank-Asia" ЖК автокран операторы, Алматы қаласы.Еске сала кетейік, Алматыда 16 қабатты үйде өрт шыққан болатын. Құтқарушылар келгенге дейін тұрғындар балаларын терезеден лақтырды. Зардап шеккендердің ішінде 2 жүкті әйел бар.
Кейін Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы бір адамның қайтыс болғанын хабарлады.