АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Қазақстанда тұтынушыларға жылу үшін 957 млн 807 мың теңге қайтарылады, деп хабарлайды табиғи монополияларды реттеу комитеті.
Комитет Қазақстан бойынша жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу бойынша жұмысты аяқтады.
Қайта есептеу нәтижелері бойынша қаражатты қайтару халықтың дербес шотында жылу маусымында (2023-2024 жылдары) не күнтізбелік жылда (2023 жылдың соңына дейін) аванс (сальдо) түрінде жеке жолмен жазылады.
2022-2023 жылдардағы жылыту кезеңінде жылумен жабдықтау бойынша қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісі жылу энергиясының төлеміне қосымшы құн салығын ескере отырып жалпы сомасы 957 807,22 мың теңгеге қайта есептеу жүргізді:
Астана қаласы бойынша – 514,491 мың теңге;
Алматы қаласы бойынша – 15 876,45 мың теңге;
Абай облысы бойынша – 755,134 мың теңге;
Алматы облысы бойынша – 9 199,56 мың теңге;
Ақмола облысы бойынша – 18 924,83 мың теңге;
Атырау облысы бойынша – 11 640,57 мың теңге;
Ақтөбе облысы бойынша – 6 211 мың теңге;
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 445 840,44 мың теңге;
Жамбыл облысы бойынша – 79 096,62 мың теңге;
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 1 976,25 мың теңге;
Қарағанды облысы бойынша – 338 261,08 мың теңге;
Қызылорда облысы бойынша – 21 627,50 мың теңге;
Маңғыстау облысы бойынша – 1 214,63 мың теңге;
Павлодар облысы бойынша – 2 044,91 мың теңге;
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 4 623,75 мың теңге.
Ал Шымкент, Жетісу, Ұлытау, Қостанай, Түркістан облыстарының тұтынушылары үшін қайта есептеу жүргізілмеген. Өйткені жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтің құны сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып жүргізілген.